Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Қаулы · № 290 · қабылданған 10.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-159/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 290 ·10.11.2017
27.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 290 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
290
Қабылданған күні
10.11.2017
Көрсетілген редакция
27.08.2019 116580_419666.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17T0004003
ЭКБ идентификаторы
116580
Редакция идентификаторы
116580_419666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:19

0 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 22 мамырдағы №159
«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3226 болып тіркелген, 2015 жылы 20 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш табылады.»;
2) 2-қосымшада:
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
180 млн.теңгеге дейінгі (бұдан әрі – млн.теңге) кредиттер бойынша – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші);
180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша – жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша - Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады (бұдан әрі – жергілікті координатор).»;
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты, 180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесі не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.»;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз 1 - қосымшаға сәйкес 180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қатысуға өтініш, Стандарттың 2 - қосымшасына сәйкес 180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша қатысуға өтінім немесе 180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұраныс нысанында өтініш негіз болып табылады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Е.Лұқпановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы