О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 22 мая 2015 года № 162 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере дошкольного воспитания и обучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 22 мая 2015 года № 162 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере дошкольного воспитания и обучения»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 162 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 18.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2020 121269_444364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005917
- ЭКБ идентификаторы
- 121269
- Редакция идентификаторы
- 121269_444364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:48
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 162 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 10981 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 162 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4366 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою туралы хабарлама (ерікті нысанда), орын болған жағдайда – мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру (ерікті нысанда) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 10981 болып тіркелген) 10-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кезектілікті басқарудың арнайы ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) расталған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.»;
2 2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 10981 болып тіркелген) көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады».