О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2015 года № 19 «О создании государственного учреждения «Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2015 года № 19 «О создании государственного учреждения «Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 248
- Қабылданған күні
- 14.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2017 93417_159526.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SG003371
- ЭКБ идентификаторы
- 93417
- Редакция идентификаторы
- 93417_159526
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:41
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2015 жылдың 09 ақпанында 3100 нөмірімен тіркелді, «Ауыл арайы» газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде мемлекеттік тілде, «Сельская новь» газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде орыс тілінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
осы нұсқалған қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі (ілгеріде-Ереже):
Ереженің 16-тармағы 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
9
«9) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныс енгізу;»;
Ереженің 16-тармағы 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
10
«10) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу;».