Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 190 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»

Бұйрық · № 304 · қабылданған 26.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-190/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 190 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 304 ·26.08.2019
31.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 190 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 304 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 190 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
304
Қабылданған күні
26.08.2019
Көрсетілген редакция
31.03.2020 134340_455819.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019296
ЭКБ идентификаторы
134340
Редакция идентификаторы
134340_455819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:42

0 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы

22 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы

№ 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11290 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде
№ 11183 болып тіркелген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің
(іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті процесінде кезінде өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы осы регламентке
2-қосымшаға сәйкес «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11183 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің
(іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3 және 4 - қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде
№ 11183 болып тіркелген «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады».
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің
(іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3 және 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы