Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Қаулы · № 8 · қабылданған 19.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-244-ekb-99201/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии» Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·19.01.2016
21.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»
Атауы (қаз.)
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
19.01.2016
Көрсетілген редакция
21.09.2020 99201_483111.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16V0004411
ЭКБ идентификаторы
99201
Редакция идентификаторы
99201_483111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:04

0 «Ветеринария саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес,«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/1031 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12358 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1.«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4204 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсандағы № 145 (17234) «Дидар», 2015 жылғы 16 желтоқсандағы № 148 (19747) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2)«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама, не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11959 нөмірімен тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2)«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы