Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Қаулы · № 194 · қабылданған 11.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-244/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии» Күшін жойған Қаулы ·№ 194 ·11.06.2019
21.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Күшін жойған Қаулы ·№ 194 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 сентября 2015 года № 244 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
194
Қабылданған күні
11.06.2019
Көрсетілген редакция
21.09.2020 132456_483113.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0006017
ЭКБ идентификаторы
132456
Редакция идентификаторы
132456_483113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:34

0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 21 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсететілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы 7-1/418 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18234 болып тіркелген) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4204, 2015 жылғы 4 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 17 желтоқсанда «Дидар», 2015 жылғы 16 желтоқсанда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Облыстың ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы