О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 сентября 2015 года № 267 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 сентября 2015 года № 267 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 267 «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 275
- Қабылданған күні
- 31.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 116200_461083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17Z0004958
- ЭКБ идентификаторы
- 116200
- Редакция идентификаторы
- 116200_461083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:28
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 267
«Су қорын пайдалануды реттеу
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің регламенттерін бекіту
туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 шілдеде №11765 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №267 «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4117 тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті
су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының
жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық
– тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар
үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат
туралы хат (бұдан әрі – рұқсат) не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – облыстың жергiлiктi атқарушы органының су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.».
2
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.