О внесении изменений и дополнения в решение Урджарского районного маслихата от 22 января 2015 года № 29-342/V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Урджарского районного маслихата от 22 января 2015 года № 29-342/V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасын бекіту туралы» № 29-342/V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-12/VI
- Қабылданған күні
- 28.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2019 102189_694338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VR004526
- ЭКБ идентификаторы
- 102189
- Редакция идентификаторы
- 102189_694338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:55
0 Үржар аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 қаңтардағы
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібінің айқындау
Қағидасын бекіту туралы»
№ 29-342/V шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» N 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасын бекіту туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 29-342/V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3682 нөмірімен тіркелген, «Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінің 2015 жылдың 16 ақпанындағы 25-26 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» N 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.»;
22 тармақ абзацпен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
«22. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 15 % мөлшерiнде белгiленедi.
Тұрғын үй көмегін есептеген кезде, иелері өздері жылытатын тұрғын үйде (ғимаратта) отынның тас көмірден басқа түрлерін қолданса, олардың құны мен шығын нормасы тас көмірдің құнына балама есептеледі.».