О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности частных судебных исполнителей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности частных судебных исполнителей»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1139
- Қабылданған күні
- 31.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2021 163483_556336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100026485
- ЭКБ идентификаторы
- 163483
- Редакция идентификаторы
- 163483_556336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:53
0 «Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қантардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10308 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
1 Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1139 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен
бекітілді
Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№
Талаптары
Құжат
р/с
1
2
1
Қазақстан Республикасының азаматы
жеке басын куәландыратын құжат
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жоғары білімінің болуы.
Шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткендігі туралы мәлімет
диплом
3
Мына талаптардың біріне сәйкес келуі:
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестаттауды сәтті тапсыру
2) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірінің болуы
3) судья лауазымында болу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам болу
4) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл еңбек өтілінің болуы
5) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл еңбек өтілінің болуы
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестат
2) Біліктілік комиссиясының қорытындысы
3) еңбек қызметін растайтын құжат, Президент Жарлығы
4) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім
5) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім
4
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер жоқ
ақпараттық жүйеден алынған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мәліметтер нысаны
* Ескертпе: Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқоры құжаттар тізбесінде көзделген материалдар бойынша алынатын ақпарат көзі болып табылады.