О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 18.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2024 103324_698740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NK006449
- ЭКБ идентификаторы
- 103324
- Редакция идентификаторы
- 103324_698740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:07
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6140 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Қамысты ауданы бөліміне немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген).»;
3 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________________ А.Мақаева
2016 жылғы «18» мамыр