Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Қаулы · № 147 · қабылданған 30.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-337-ekb-103797/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами» Күшін жойған Қаулы ·№ 147 ·30.05.2016
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Күшін жойған Қаулы ·№ 147 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»
Атауы (қаз.)
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 337 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
30.05.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2020 103797_471868.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003765
ЭКБ идентификаторы
103797
Редакция идентификаторы
103797_471868
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:59

0 «Өздігінен жүретін шағын көлемді

кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қазандағы №337 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы №337 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3430 болып тіркелген, 2015 жылы 24 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген қосымшасындағы:
«Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтағы:
«Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы» деген сөздер «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (бұдан әрі-Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталық» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

Д.А. Сатыбалды
Е.Ә. Садыр
У.С. Сәдібеков
С.Қ. Тұяқбаев
К.Н. Мендебаев

Қолданыстағы