Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Қаулы · № 230 · қабылданған 15.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-337/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами» Күшін жойған Қаулы ·№ 230 ·15.10.2019
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Күшін жойған Қаулы ·№ 230 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 337 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 337 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
230
Қабылданған күні
15.10.2019
Көрсетілген редакция
30.06.2020 135446_471918.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19U0005219
ЭКБ идентификаторы
135446
Редакция идентификаторы
135446_471918
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:13

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 337 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы №337 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3430 болып тіркелген, 2015 жылы 24 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген қосымшада:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.»;
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №556 бұйрығымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап болады;»;
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау» деген тарауда:
5 тармақтың:
3 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3) электронды цифрлы қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлауға, тіркеуге болады немесе ұялы байланыс операторы арқылы берген абоненттік нөмір арқылы порталға тіркелген жағдайда, бір мәртелік парольмен жүргізіледі;»;

5 және 6 - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

5 «5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеу қажет;

6 6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет немесе ұялы байланыс операторы арқылы берген абоненттік нөмірі порталға тіркелсе онда бір мәртелік парольмен жүргізіледі;»;

9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

9 «9) басшылық құжаттарды қарап болған соң 20 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;».

2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қ.Қ. Айтмұхаметов
Ә.Е. Тұрғымбеков
Ж.Е. Аманбаев
М.И. Мырзалиев
М.Н. Отарбаев
Е.А. Садыр
А.А Абдуллаев
А.Б. Тасыбаев

Қолданыстағы