Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 370 «Об утверждении Перечня орфанных (редких) заболеваний»

Бұйрық · № 79 · қабылданған 27.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-370-ekb-119815/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 370 «Об утверждении Перечня орфанных (редких) заболеваний» Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 ·27.02.2018
20.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 370 «Об утверждении Перечня орфанных (редких) заболеваний»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 370 «Об утверждении Перечня орфанных (редких) заболеваний»
Атауы (қаз.)
«Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
27.02.2018
Көрсетілген редакция
20.10.2020 119815_489706.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016627
ЭКБ идентификаторы
119815
Редакция идентификаторы
119815_489706
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:37

0 Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы

22 мамырдағы № 370 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесінде:
реттік нөмір 39 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
39.
Балалардағы шашыраңқы беріш
Балалардағы шашыраңқы беріш
Демиелинизацияланатын орталық нерв жүйесінің аурулары
G 35
»
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 51-56- жолдармен толықтырылсын:
«
51.
VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы
ІХ фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы
Гемофилия А
Кристмас ауруы
Гемофилия В
Қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары
жəне иммундық механизмді қамтитын жеке
бұзылулар
D 66
D 67
52.
Виллебранд ауруы
Ұюшылықтың басқа бұзылулары
Қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары
жəне иммундық механизмді қамтитын жеке
бұзылулар
D 68.
53.
Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы
Туа біткен афибриногенемия
Фактор тапшылығы VІІ [тұрақты]
Фактор тапшылығы ІI [протромбиннің]
Фактор тапшылығы Х [Стюарттың-Прауэрдің]
Қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары
жəне иммундық механизмді қамтитын жеке
бұзылулар
D 68.2
54.
Гипофиз гиперфункцияларының басқа да жағдайлары
Орталық пайда болудың уақытынан бұрын жыныстық жетілуі
Басқа да эндокриндік бездердің бұзылуы
Е 22.8
55.
Гипопитуитаризм
Гипогонадотроптық гипогонадизм.
Өсу гормонының идиопатиялық жеткіліксіздігі.
Басқа эндокриндік бездердің бұзылулары
Е 23.0
56.
Классикалық фенилкетонурия
Хош иісті амин қышқылы метаболизмінің бұзылуына байланысты ферментопатия тобының тұқым қуалайтын ауруы
Зат алмасуының бұзылулары
Е 70.0
».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты мемелекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

4 4) осы бұйрықты ресми мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы