О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов»
- Атауы (қаз.)
- «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-36
- Қабылданған күні
- 15.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2020 130585_489593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018528
- ЭКБ идентификаторы
- 130585
- Редакция идентификаторы
- 130585_489593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:22
0 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсітілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.»;
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.
Интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда рецетілерді қолмен жазып беру жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен латын тілінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Жалпылама нұсқаулармен («Белгілі», «Ішке қолдануға», «Сыртқа қолдануға») шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.
Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшыларда жазылып беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі 3 жылды құрайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмеcін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;