Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-131 · қабылданған 30.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-373/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-131 ·30.09.2019
02.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-131 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 «Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов»
Атауы (қаз.)
«Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-131
Қабылданған күні
30.09.2019
Көрсетілген редакция
02.10.2020 134991_489597.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019425
ЭКБ идентификаторы
134991
Редакция идентификаторы
134991_489597
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:21

0 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсетілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде, амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалтушы немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.».
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағаз нысанындағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.
Электронды нысандағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолымен расталады.»;
4-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Электронды форматта рецептілерді жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда рецептілерді жазу қағаз нысанда жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецептілер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған уәкілетті тұлғаның қолы қосымша қойылады және «Рецептілер үшін» деген денсаулық сақтау ұйымының мөрімен немесе уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен расталады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өз қолымен және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолмен растайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен («Белгілі», «Ішке қолдануға», «Сыртқа қолдануға») шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.
Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшы дәріде жазылып беріледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Рецептіде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.»;
Мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Рецептіде көрсетілген препараттың біреуі болмаған жағдайда немесе препараттың толық емес қаптамасы босатылған жағдайда дәріханада рецепттің көшірмесі қалдырылады немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фармацевтика қызметкері жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналына енгізеді. Фармацевт рецептінің артқы жағына босатылған препараттың санын көрсетеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған қағаз түріндегі рецептілерді сақтау мерзімі 1 жылды құрайды.»;
қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Рецептілерді жазу, есепке
алу және сақтау қағидаларына
1-қосымша»;
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығына
қосымша
Рецептілерді жазу, есепке
алу және сақтау қағидаларына
2-қосымша
р/с

Жі­бер­ген кү­ні
Па­ци­ент­тің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Ре­цеп­ті­нің кү­ні және но­мі­рі
Дә­рі­гер­дің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Пре­па­рат­тың ата­уы
Са­ны
Фар­ма­цевттің қо­лы
Фар­ма­цевттің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Па­ци­ент­тің қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы