Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 4-1/468 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок»

Бұйрық · № 327 · қабылданған 06.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-4-1468/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 4-1/468 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок» Күшін жойған Бұйрық ·№ 327 ·06.09.2019
10.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 4-1/468 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 327 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 4-1/468 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок»
Атауы (қаз.)
«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
327
Қабылданған күні
06.09.2019
Көрсетілген редакция
10.08.2021 134658_533377.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019374
ЭКБ идентификаторы
134658
Редакция идентификаторы
134658_533377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:35

0 «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. .

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
жəне аэроғарыш өнеркəсібі
министрлігі

0 «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2019 жылғы « » № бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 4-1/468 бұйрығымен
бекітілген
«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 554-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төлейді:

1 1) лицензия беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;

2 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы;

3 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы.

Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

8 8. Мыналардың:

1

1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мерекелер туралы» заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Мерекелер туралы» заңның 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс кестесіне сай.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1) лицензия алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтердің электрондық нысаны;

2 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

3 3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы субъектілер санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;

2 2) лицензиялық алымды енгізбеу;

3 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

4 4) лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

5 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер өтініш иесіне лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

11

11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде) орналастырылған.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алу мүмкіндігі бар.

16 16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

1 Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
арналған өтiнiші
Кімге _______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Кімнен______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық атауы көрсетiлсiн)
_______________________________________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.___________________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________
(почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық почтасы_________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факсы ______________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы
____________________________________________________________________
(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
__________________________ парақ қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ______________ ________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» _____________________

2 Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

«Астық қолхаттарын шығара
отырып, қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік
туралы мәліметтер нысаны
Астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) атауы:
_______________________________________________________________
Құқық иеленушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________
Астық сақтау орнының орналасқан жері және кадастрлық нөмірі _______
Меншік иесі (құқық иеленуші) ____________________________________
Технологиялық жабдықтың бар-жоғы туралы мәліметтер
Жабдықтың атауы
Өлшем бірлігі
20__ жылғы ______ бар-жоғы
Жай-күйі
1
2
3
4
астық кептіру жабдығы
сағатына дана/тонна
астық сақтауға арналған сыйымдылықтар
мың тонна
астық тазалау машиналары
дана
белсенді желдету жабдығы
дана
жылжымалы көлік жабдығы
дана
көтергіш-көлік жабдығы
дана
сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық
жиынтық
таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген)
дана
тиеу-түсіру құрылғылары
дана
Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер
Сипаттамалары
20___ жылғы ____ бар-жоғы
1
2
3
Интернет желісіне қолжетімділік
Өткізу режимінің, аумақ қоршауының, асфальтталған алаңдардың бар-жоғы туралы мәліметтер
______________________________________________
(асфальтталған алаңдар бойынша шаршы метрдегі алаң көрсетіледі)
Өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді)________

Құжаттың атауы
Құжаттың нөмірі
Іс-қимыл басталған күн
Іс-қимыл аяқталған күн
Метрологиялық қызметтің атауы
1
2
3
4
5
6
Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың
жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер
Объект
Өлшем бiрлiгi
20__ жылғы ____ бар-жоғы
1
2
3
Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар
дана
Пуркалар
дана
Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер
дана
Астықтың залалданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар
дана
Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар
дана
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер
дана
Елеуіштер жиынтықтары
дана
Зертханалық таразылар
дана
Кептiргiш шкафтар
дана
Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар
дана
Сынама іріктегіштер
дана
Ылғал өлшегiштер
дана
Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Білімі бойынша мамандығы
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1
2
3
4
5

3 Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған өтiнiші
Кімге ______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Кімнен______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық атауы)
берілген 20 __ жылғы «___» ___________ № ____________, ______________
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қойыңыз) қайта ресімдеуді сұраймын:

1 1) лицензиат заңды тұлғаның «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті ұяшыққа Х қойыңыз):

бірігу ________________________________
қайта құру ____________________________
қосылу ________________________________
бөліп шығару __________________________
бөліну ________________________________
жолымен қайта ұйымдастырылуы

2 2) лицензиат заңды тұлға атауының өзгеруі ______________________

3 3) лицензиат заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі ______________

4 4) лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны лицензиаттың иеліктен шығаруы ________________________________________

5 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілместен, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ______________________________________________________________

6 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы

________________________

7 7) қызмет түрі атауының өзгеруі ________________________

8 8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі.

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін – елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________
Факсы_______________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
__________ парақ қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ______________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» ______________________

Қолданыстағы