О признании утратившим силу приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 406 «Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации государственного социального заказа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 406 «Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации государственного социального заказа»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01/01-103
- Қабылданған күні
- 20.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2018 127892_382502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018013
- ЭКБ идентификаторы
- 127892
- Редакция идентификаторы
- 127892_382502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:58
0 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12695 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.