О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 22 сентября 2015 года № 421 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области охраны окружающей среды»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 22 сентября 2015 года № 421 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области охраны окружающей среды»
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 228
- Қабылданған күні
- 06.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 103118_453860.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003885
- ЭКБ идентификаторы
- 103118
- Редакция идентификаторы
- 103118_453860
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:16
0 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» № 421
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 421 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 қазанында № 3500 тіркелген, «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде 2016 жылдың 2 ақпанында № 15 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1)көрсетілген қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2 2)көрсетілген қаулымен бекітілген «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы06 мамырдағы
№ 228 қаулысына 1- қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 421 қаулысымен бекітілген
«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23сәуірдегі № 301бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не осы Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1 1)құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушініңбасшысына жолдау. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2)құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3)құжаттарды қарау және рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау. Нәтижесі – рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралыдәлелді жауапты рәсімдеу;
4 4)рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне тіркеуге жіберу. Нәтижесі – рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу;
5 5)мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру. Нәтижесі – рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7
7. Құрылымдық бөлімшелердің(қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы)Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
10 10. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетінқызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
1 1)көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтінішті және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;
2 2)көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
3 3)электрондық өтінішті және құжаттарды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
4 4)мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады.
34 «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар
беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығы
35 «ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар
беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу сызбасы
мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде
36 Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы06 мамырдағы
№ 228 қаулысына 2- қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 421 қаулысымен бекітілген
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысынберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысынберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды).
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1 1)құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2)құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3)құжаттарды қарау және қорытындыны рәсімдеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау. Нәтижесі – қорытындыны рәсімдеу;
4 4)қорытындыға қол қою, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне тіркеуге жіберу. Нәтижесі – қорытындыны тіркеу;
5 5)мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру. Нәтижесі – қорытындыны беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы)Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
10 10. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
1 1)көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтінішті және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;
2 2)көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі;
3 3)электрондық өтінішті және құжаттарды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
4 4)мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады.
58 «II, III және IV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығы
59 «II, III және IV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу сызбасы
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде