О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 18 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского, водного, лесного хозяйств и животного мира»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 18 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского, водного, лесного хозяйств и животного мира»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 20.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2023 184316_646288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033162
- ЭКБ идентификаторы
- 184316
- Редакция идентификаторы
- 184316_646288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:48
0 «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл, су, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы саласында
қызметін жүзеге асыратын
азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
0 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 267 бұйрығына
қосымша
Ауыл шаруашылығы саласында
қызметін жүзеге асыратын азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
Аттестаттау түрі: кезекті – _________________; қайталап – __________________
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу)
1 1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегi:
__________________________________________________________________________
2 2. Туған күнi _______жылғы «___» _______.
3 3. Бiлiмi, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы мәлiметтер (қашан және қандай
оқу орнын тәмамдаған, бiлiмi бойынша мамандығы және біліктілігі, бiлiктiлiгiн
арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi туралы
құжаттар):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4 4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5 5. Жалпы еңбек өтiлi: _________________________________________
6 6. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7 7. Аттестатталушының ой-пiкiрi:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8 8. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес азаматтық қызметшiнiң
қызметiн тiкелей басшысының бағалауы:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
9 9. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшелері қатысты.
10 10. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын қоса берілген бағалау парағына
сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге
асыратын азаматтық қызметшінің қызметінің бағасы:
1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ________;
2 2) қайтадан аттестатталуы тиіс (дауыс саны) ____________;*
3 3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _______.**
Қорытынды баға ____________________________________________________________
___________________________________________________________________________
11 11. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары (дәлелдемелерімен қоса):
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
12 12. Ескертпелер: ____________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттаудың өткiзiлген күнi 20___жылғы «___»__________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _____________________________________________
(азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөртаңбасының орны
Ескертпе:
* қайтадан аттестаттаудан өткен кезде бағасы қойылмайды;
** бағасы қайтадан аттестаттаудан өткен кезде ғана қойылады.