О внесении изменений в постановление акимата Темирского района от 22 июля 2016 года № 181 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Темирского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Темирского района от 22 июля 2016 года № 181 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Темирского района»
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 181 «Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 29.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2019 131360_405467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CJ000095
- ЭКБ идентификаторы
- 131360
- Редакция идентификаторы
- 131360_405467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:09
0 Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 181 «Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы, 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 181 «Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 5033, 2016 жылы 23 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 – қосымшасының атауында және схемасында «Шұбарқұдық кәсіпшілігі» деген сөздер «Шұбарқұдық ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 3 – қосымшасының 3 тараудың 9 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі мәтінінде 3-қосымшасының 4 тараудың «9» тармақтың нөмірленуі «10» болып ауыстырылсын.