Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 27 «Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией»

Бұйрық · № 520 · қабылданған 11.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-27/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 27 «Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией» Қолданыста Бұйрық ·№ 520 ·11.09.2017
11.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 27 «Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией»

Қолданыста Бұйрық ·№ 520 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 27 «Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
520
Қабылданған күні
11.09.2017
Көрсетілген редакция
11.09.2017 115509_254339.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015932
ЭКБ идентификаторы
115509
Редакция идентификаторы
115509_254339
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:54

0 «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13389 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ресей Федерациясының Өнімін сатып алуға мүдделілік танытқан ҚР уәкілетті ұйымдары ағымдағы және келісімшарт (шарт) жасасылған жылдың алдындағы жылдың әр тоқсанының соңғы айының 25-і күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт шеңберінде көрсетілген жылы ҚР уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (Microsoft Office Excel) Қазақстан Республикасына Өнімді әкелуге өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінім), сондай-ақ көрсетілген Өнімді сатып алу қажеттілігі негіздемесін жолдайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2017 жылғы 21 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-лейтенант
А. Күреңбеков
2017 жылғы 5 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов
2017 жылғы 29 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов
2017 жылғы 26 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов
2017 жылғы 28 қыркүйек

10 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 520
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Индекс: 398 ПВН
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есеп беруді ұсынатын адамдар шеңбері: Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдары
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне
Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)
______________________________________________________________________________
(толық атауы)
Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымы (жеткізуші, алушы)
______________________________________________________________________________
(толық атауы)
Келісімшарттың нөмірі мен күні
Үзінді-көшірменің тіркеу нөмірі және күні
Өнімнің атауы
Өлшем бірлігі
Бірлік саны
Бір бірлік үшін құны
Келісімшарттың орындалуы
Орындаушы ___________________ _____________
(Т.А.Ә, бар болған жағдайда) (қолы)
ЖСН/ БИН_______________________________________________________________
Ұйымның мекенжайы _____________________________________________________
Ұйымның телефоны ______________________________________________________
Қазақстан Республикасы
уәкілетті ұйымының басшысы
(басшының орынбасары)
______________
(қолы)
___________________
(Т.А.Ә, бар болған жағдайда)
М.О. 20___жылғы
«___»___________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
«2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру»

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – нысан) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес әзірленді.

2 2. ҚР Уәкілетті ұйымдары нысанды тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күні ҚР Уәкілетті органына ұсынады.

3 3. Нысанға Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымының басшысы (басшының орынбасары) қол қояды.

4 4. Нысан үзінді көшірмеде (3-қосымша) көрсетілген деректердің және жасасылған келісімшарттың негізінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 1-бағанда келісімшарт нөмірі және күні көрсетіледі.

6 6. 2-бағанда тізбеден (Қазақстан Республикасының Уәкілетті органы жолдаған 3-қосымша) үзінді көшірменің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

7 7. 3-бағанда өнімнің атауы көрсетіледі.

8 8. 4-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі.

9 9. 5-бағанда бірлік саны көрсетіледі.

10 10. 6-бағанда бірлік құны көрсетіледі.

11 11. 7-бағанда келісімшарттың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.

Қолданыстағы