О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2016 года № 342 «Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета в сферах культуры, развития языков, архивного дела, физической культуры и спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2016 года № 342 «Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета в сферах культуры, развития языков, архивного дела, физической культуры и спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 20.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2018 127294_380140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018009
- ЭКБ идентификаторы
- 127294
- Редакция идентификаторы
- 127294_380140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:57
0
«Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14723 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілері, жұмыскерлері (бұдан әрі – жұмыскерлер) үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібін анықтайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жұмыскердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі мамандық бойынша еңбек қызметінің басынан бастап мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған ұйыммен (бұдан әрі - мемлекеттік ұйым) құрылатын, соның ішінде мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның хаттамаға қол қойғанға дейін есептеледі.»;
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметіне белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі