Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 22 сентября 2016 года № 3/454 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Қаулы · № 2/315 · қабылданған 26.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-3454-ekb-123267/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 22 сентября 2016 года № 3/454 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу» Күшін жойған Қаулы ·№ 2/315 ·26.06.2018
20.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 22 сентября 2016 года № 3/454 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Күшін жойған Қаулы ·№ 2/315 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 22 сентября 2016 года № 3/454 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 3/454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/315
Қабылданған күні
26.06.2018
Көрсетілген редакция
20.10.2020 123267_491127.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18R0001490
ЭКБ идентификаторы
123267
Редакция идентификаторы
123267_491127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:56

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 3/454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және  2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 3/454 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1323 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы әкімдігінің

2018 жылғы « 26 » маусымдағы
№ 2/315 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 3/454 қаулысына қосымша
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімімен көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында мемлекеттік қызметті көрсету үшін көзделген қажетті құжаттар мен өтінішті алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон береді және жауапты маманды анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына береді;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына орындауға береді;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының пакетін көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хат арқылы жібереді;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы берілген құжаттардың негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде куәлікке (куәліктің телнұсқасына) қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің маманына жібереді;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің маманы 30 (отыз) минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасын) көрсетілетін қызметті алушыға береді.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) құжаттарды тіркеу;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың пакетін жолдау;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау;

5 5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон береді және жауапты маманды анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына береді;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына орындауға береді;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының пакетін көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хат арқылы жібереді;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы берілген құжаттардың негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде куәлікке (куәліктің телнұсқасына) қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің маманына жібереді;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің маманы 30 (отыз) минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасын) көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.

«Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үдерісінің анықтамалығы

Қолданыстағы