О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 декабря 2016 года № 393 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 декабря 2016 года № 393 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 20.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2021 155529_526353.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008678
- ЭКБ идентификаторы
- 155529
- Редакция идентификаторы
- 155529_526353
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:32
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына,
туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4845 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 3 ақпанда, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылғы 16 және 18 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан
облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының
міндетін атқарушы
____________________ Қ. Турдиев
2021 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының
басшысы
_____________________ Р. Иманбет
2021 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеужәне қорғау жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы
______________________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
________________ Д. Әлиев
2021 жылғы «___»_______________
7 Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 20 сәуірдегі
№ 124 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 393 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
р/с
№
Су объектісінің атауы
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Ауылдық округ, жақын орналасқан елді мекен
Өскемен қаласы
1
Меновное көлі
Сол жағалау кешенінің жағажайы
Өскемен қаласы
2
Ертіс өзені
«Самал» жағажайы
Алтай ауданы
3
Бұқтырма су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Прибрежный кенті,
Жаңа Бұқтырма кенті
Бородулиха ауданы
4
Шүлбі су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Жерновка ауылдық округі
Катон-Қарағай ауданы
5
Бұқтырма су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Ново-Хайрузов ауылдық округі, Приморск ауылы
6
Бұқтырма су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Үлкен Нарын ауылдық округі, Свинчатка ауылы
Көкпекті ауданы
7
Бұқтырма су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Сарыбел ауылдық округі,
Құлынжон ауылы
Ұлан ауданы
8
Бұқтырма су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында,
Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы
9
Тайынты өзеніндегі су қоймасы
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Тарғын ауылдық округі, Төменгі Тайынты ауылы, Асубұлақ кенті
10
Шыбындыкөл көлі
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы
11
Сібе көлдері (Садыркөл көлі)
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
12
Сібе көлдері (Төртқара көлі)
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
13
Сібе көлдері (Шалқар көлі)
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
14
Сібе көлдері (Қоржынкөл көлі)
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
15
Дұбығалы көлі (Окуньки)
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Таврия ауылдық округі, Гагарина ауылы
Үржар ауданы
16
Алакөл көлі
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында
Қабанбай ауылдық округі