О внесении изменении и дополнении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении и дополнении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-93-VI
- Қабылданған күні
- 17.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2017 111267_174188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UO004030
- ЭКБ идентификаторы
- 111267
- Редакция идентификаторы
- 111267_174188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:41
0 Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3781 тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі «Шартарап-Шарайна» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Шардара ауданында тұрақты тұратын қатты отын алу үшін жылына бір рет жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектеріне, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
12) тармақшадағы:
«10» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
9 тармақ:
мынадай мазмұндағы 14) тармақшасымен толықтырылсын:
«14) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленингардты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».