О внесении дополнения в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25-172-VI
- Қабылданған күні
- 28.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2018 120876_313674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UO004538
- ЭКБ идентификаторы
- 120876
- Редакция идентификаторы
- 120876_313674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:07
0 Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3781 тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі «Шартарап-Шарайна» газетінде және 2016 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 4) тармақшасына:
келесі мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2 2. «Шардара аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;