Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 38-249-VI · қабылданған 06.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-4-35-v/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 38-249-VI ·06.03.2019
20.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 38-249-VI · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение Шардаринского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 4-35-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38-249-VI
Қабылданған күні
06.03.2019
Көрсетілген редакция
20.09.2023 129577_655019.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UO004924
ЭКБ идентификаторы
129577
Редакция идентификаторы
129577_655019
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:54

0 Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-35-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3781 тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі «Шартарап-Шарайна» газетінде және 2016 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7-тармақтың 1) тармақшадағы:
«1» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

6 «6) 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күніне» орай - үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

8) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

8 «8) Шардара ауданында тұрақты тұратын қатты отын алу үшін жылына бір рет жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектеріне, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

3 «3) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

10) тармақшадағы:
«30» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы:
«5» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
16 - тармақтан бастап 36 - тармақ қоса алынып тасталсын.

2. «Шардара аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы