О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 52 «Об утверждении Правил деятельности Государственной корпорации «Правительство для граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 52 «Об утверждении Правил деятельности Государственной корпорации «Правительство для граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 343/НҚ
- Қабылданған күні
- 26.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2022 172309_595494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029942
- ЭКБ идентификаторы
- 172309
- Редакция идентификаторы
- 172309_595494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:48
0 «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік корпорация:
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда оның ішінде, көзі және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдарға қол жетімді болуын ескере отырып, ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектігі бар адамдармен (ымдау тілі) икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізуді жүзеге асырады;
мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу шараларын қабылдайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрілі