Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 54 «Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Бұйрық · № 298/НҚ · қабылданған 17.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-54/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 54 «Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан» Қолданыста Бұйрық ·№ 298/НҚ ·17.06.2025
17.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 54 «Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 298/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 54 «Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»
Атауы (қаз.)
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
298/НҚ
Қабылданған күні
17.06.2025
Көрсетілген редакция
17.06.2025 211381_770272.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036303
ЭКБ идентификаторы
211381
Редакция идентификаторы
211381_770272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:51

0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13352 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін::
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағының 193) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Аталған бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағы 193) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіріп, өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13588 тіркелген) бекітілген мемлекеттік монополия, ерекше құқық субъектісі
өндіріп, өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы