Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 61 «Об утверждении Правил обучения в форме экстерната»

Бұйрық · № 225 · қабылданған 29.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-61-ekb-143373/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 61 «Об утверждении Правил обучения в форме экстерната» Қолданыста Бұйрық ·№ 225 ·29.05.2020
29.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 61 «Об утверждении Правил обучения в форме экстерната»

Қолданыста Бұйрық ·№ 225 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 61 «Об утверждении Правил обучения в форме экстерната»
Атауы (қаз.)
«Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
225
Қабылданған күні
29.05.2020
Көрсетілген редакция
29.05.2020 143373_468083.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020777
ЭКБ идентификаторы
143373
Редакция идентификаторы
143373_468083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:17

0 «Экстернат нысанында оқыту

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес ресімделеді.
11-тармақ алынып тасталынсын.
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3-тарау. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және ұсыну нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де ақпараттар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
21. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.
23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тиісті білім беру ұйымына сұрату жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алады – 6 жұмыс күні ішінде.
Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды, экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықты дайындайды және басшымен келіседі.
24. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.».
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
26. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
27. Көрсетілетін қызметті тікелей берушінің мекен жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
29. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4 қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамыры № 225
бұйрығына қосымша 1
Экстернат нысанында оқыту
және «Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 1-қосымша
«Негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да экс­тер­нат ны­са­нын­да оқу­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты, Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі- 10 жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да экс­тер­нат ны­са­нын­да оқы­ту­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі бо­лып та­бы­ла­ды неме­се осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар негі­зін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту бо­лып та­бы­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін 13.00-ден 14.30-дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты болған тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да www.​egov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық сұ­ра­ту ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
2) ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ба­ра ал­май­тын бі­лім алушы­лар үшін – «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6697 бо­лып тір­кел­ген) 035-1/у ны­са­нын­да дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­тив­тік ко­мис­си­я­ның элек­трон­ды қо­ры­тындысы;
3) бар­лық бі­лім алу ке­зе­ңі ара­лы­ғын­да оқы­ты­л­ған пән­дер бой­ын­ша «4» және «5» де­ген ба­ға­лар ал­ған бі­лім алушы­лар­ға - элек­трон­ды үл­ге­рім та­бе­лі;
4) бі­лім алушы ата-ана­сы­мен неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­мен бір­ге ше­тел­ге көш­кен жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата-ана­сы­ның неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың уа­қыт­ша ше­тел­де тұ­ра­тынды­ғы ту­ра­лы элек­трон­ды анық­та­ма­сы;
5) бі­лім алушы ше­тел­ге ата-ана­сы­ның неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың же­те­гін­сіз шы­ға­тын бол­са, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ше­тел­де оқи­тынды­ғын рас­тай­тын элек­трон­ды құ­жа­ты.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар па­ке­тін то­лық ұсын­ба­уы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­ры­ның дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның анық­та­ма­лық қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет» бө­лі­мін­де, 8-800-080-7777, 1414 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

2 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамыры № 225
бұйрығына қосымша 2
Экстернат нысанында оқыту
және «Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________________________________
экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау кезінде міндеттілігі
9-баппен айқындалған мынадай құжаттардың:
__________________________________________________________________________________________,
(негіздемесін көрсету)
жоқтығы және/немесе жалғандығы анықталды, осыған байланысты экстернат нысанында оқуға рұқсат
беру туралы өтінішті қараудан бас тартылды.
___________________________________________________________________________________________
(өтінішті қараудан бас тарту үшін жауапкершілікті өзіне алған ұйымның атауы мен мекенжайы)
Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тарту туралы
шешімнің тіркеу нөмірі және күні:
№ _____________________ «____» _____________________ 20 __ж.
_____________________ _________________________________
(лауазымы) (инициалдары, фамилиясы)
Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамыры № 225
бұйрығына қосымша 3
Экстернат нысанында оқыту және
«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Дербес нөмір: _______
Алған уақыты мен күні: _____________________
__________________________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан
ҮЗІНДІ
Азамат (-ша): ____________________________________________________________(көрсетілетін қызметті
алушының Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш берген күні: _______________________
_______ жылғы __ _______ бұйрықтың негізінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді.
____________________________________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы)
Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

4 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамыры № 225
бұйрығына қосымша 4
Экстернат нысанында оқыту және
«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 4-қосымша
Кімге:______________________ басшысы
Жергілікті атқарушы органның атауы
Кімнен: _________________________
________________________________
Т.А.Ә. (бар болса) және толық жеке сәйкестендіру нөмірі/
Нысан
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-4)
тармақшасына (6-бап, 3-тармақ, 25-7) тармақшасына немесе 6-бап, 4-тармақ, 21-3) тармақшасына), сондай-ақ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабының 2-тармағына сәйкес
_______________________________________________________________________________________________
оқушының Т.А.Ә. (бар болса), туған күні
_______________________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)
білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңымен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«_____» ____________ 20___ ж.
Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамыры № 225
бұйрығына қосымша 5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 658 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12816 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3

3) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 68 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13346 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

4

4) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13346 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші абзацтары.

Қолданыстағы