Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 августа 2016 года № 623 «Об утверждении Типового договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»

Бұйрық · № 78 · қабылданған 12.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-623-ekb-207971/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 августа 2016 года № 623 «Об утверждении Типового договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям» Қолданыста Бұйрық ·№ 78 ·12.03.2025
12.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 августа 2016 года № 623 «Об утверждении Типового договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 78 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 августа 2016 года № 623 «Об утверждении Типового договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
12.03.2025
Көрсетілген редакция
12.03.2025 207971_748337.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035809
ЭКБ идентификаторы
207971
Редакция идентификаторы
207971_748337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:39

0

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды тасымалдаудың болжамдық көрсеткіштерінің негізінде осы Шарт күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және субсидиялаудың негізгі талаптарына сәйкес субсидиялаудың жылдық сомасынан 25% аспайтын мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Орындаушы Тапсырыс берушіге есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде дамудың негізгі талаптарын орындау барысы туралы онда көрсетілген орындау мерзімдерін ескере отырып растайтын құжаттардың қосымшасымен бірге есепті.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Субсидияларды кейіннен төлеуді Тапсырыс беруші жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу Орындаушының келісімі бойынша жыл ішінде жүргізіледі.
13. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жоспарланған жолаушыларды тасымалдау негізінде жасалған есебі және бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, тасымалдарды орындауға байланысты тасымалдаушының шығыстары негізінде жүзеге асырады. Орындаушы желтоқсан айындағы нақты есепті тараптардың келісімі бойынша және осы Шарттың 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.»;
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаларды (тарифтерді) арттырудың шекті деңгейін қамтамасыз етудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 78
бұйрығына қосымша
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
шартына
5-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаларды (тарифтерді) арттырудың шекті деңгейін қамтамасыз етудің негізгі шарттары
Р/с №
Пой­ы­здың неме­се тір­кел­ме­лі және жол­да түспей­тін ва­гон­дар­дың №
Қа­ты­на­стың ата­уы
Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­на ба­ға­ны (та­риф­ті) кө­те­ру­дің шек­ті дең­гейі, %
_ж.
_ж.
_ж.
кестеннің жалғасы
Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­на ба­ға­ны (та­риф­ті) кө­те­ру­дің шек­ті дең­гейі, %
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
_ж.
Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы 20___жылғы «__»_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
«Тапсырыс беруші»
«Орындаушы»
______________________________
(толық атауы)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(деректемелер)
______________________________
(лауазымы)
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(қолы)
______________________________
мөр орыны (бар болған жағдайда)
______________________________
(толық атауы)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(деректемелер)
______________________________
(лауазымы)
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(қолы)
______________________________
мөр орыны (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы