О внесении изменения в постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 22 апреля 2016 года №132 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Казталовского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 22 апреля 2016 года №132 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Казталовского района»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №132 «Казталов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 13.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2020 126011_481031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZH005408
- ЭКБ идентификаторы
- 126011
- Редакция идентификаторы
- 126011_481031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:39
0 Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №132 «Казталов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №132 «Казталов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4428 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Казталов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:
«2. Балаларды тасымалдау тәртібі» деген бөлімде:
2-тармақта:
бірінші абзац келесідей редакцияда жазылсын:
«2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.».