О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 июля 2016 года №223 «Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 июля 2016 года №223 «Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №223 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 02.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2019 113005_399284.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17Z0004820
- ЭКБ идентификаторы
- 113005
- Редакция идентификаторы
- 113005_399284
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:56
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №223 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда №11094 тіркелді) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №223 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4500 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының
1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 2017 жылғы «2» маусымдағы №150
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына 1-қосымша
2016 жылғы «22» шілдедегі №223
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№
Басым дақылдардың атауы
1
Майлы дақылдар:
күнбағыс
майбұршақ
мақсары
зығыр
қыша
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
3
Біржылдық шөптер
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
6 2017 жылғы «2» маусымдағы №150
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына
2-қосымша
2016 жылғы «22» шілдедегі №223
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)
№
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидия нормасы, теңге
1 тоннаға субсидия нормасы, теңге
1
Майлы дақылдар:
күнбағыс
10 000
майбұршақ
10 000
мақсары
6 100
зығыр
6 900
қыша
7 000
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
2 300 000
3
Біржылдық шөптер
8 000
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
10 000
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
8 000