О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 28.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2020 120075_492485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CM000180
- ЭКБ идентификаторы
- 120075
- Редакция идентификаторы
- 120075_492485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:34
0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 санымен тіркелген, 2017 жылы 15 маусымдағы «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
«1. Жалпы ережелер» тарауында
7 тармақтағы:
«Отбасы күні-қыркүйек айының екінші жексенбісі;» сөздері алып тасталсын:
«2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және көмектің мөлшерлері» тарауында
9 тармақтың 3) тармақшасындағы:
«аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Жұмыспен қамту бөлімінің тізімі негізінде;» сөздері «аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Жұмыспен қамту бөлімінің тізімі негізінде; » сөздерімен ауыстырылсын:
13 тармақтағы:
«қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күніне орай:
8) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде» сөздері алып тасталсын;
2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Қ. Утаров