О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 428
- Қабылданған күні
- 19.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2020 139867_492489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CM006832
- ЭКБ идентификаторы
- 139867
- Редакция идентификаторы
- 139867_492489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:58
0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымдағы «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «№ 148» және «№ 95-IV» сандары алып тасталынсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақта:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге төлемдердің толық өтелуіне;»;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімге сәйкес, жылына 6 (алты) айға дейіңгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;»;
және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.»;
10 тармақта:
10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
13 тармақта:
1) тармақшасында:
«300000 (үш жүз мың)» сөздері мен сандары «500000 (бес жүз мың)» сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
«50000 (елу мың)» сөздері мен сандары «30000 (отыз мың)» сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
«25000 (жиырма бес мың)» сөздері мен сандары «50000 (елу мың)» сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
«25000 (жиырма бес мың)» сөздері мен сандары «50000 (елу мың)» сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
16 тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
17 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.