Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»

Ереже · № 462 · қабылданған 08.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-108-ekb-141551/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 462 ·08.04.2020
02.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 462 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
462
Қабылданған күні
08.04.2020
Көрсетілген редакция
02.11.2020 141551_492487.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CM007032
ЭКБ идентификаторы
141551
Редакция идентификаторы
141551_492487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:09

0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымда «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«1) « Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; »;
9 тармақтың 4) тармақшасындағы:
«Шалқар аудандық орталық ауруханасы» сөздері «Шалқар аудандық ауруханасы» сөздерімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1 тармағымен толықтырылсын:
«13-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) табыстарын есепке алмай, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-анаға (әр адамға) әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) табыстарын есепке алмай, амбулаториялық ем алушы онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шалқар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімі негізінде;
3) табыстарын есепке алмай, үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге уәкілетті органның тізімі негізінде;
4) атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларын қоспағанда, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаған жағдайда аз қамтылған отбасыларына қала, ауылдық округ әкімдері берген тізімдері негізінде.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.
Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.».

2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Б. Елеусинова

Қолданыстағы