О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 474
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2020 142935_492491.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CM007100
- ЭКБ идентификаторы
- 142935
- Редакция идентификаторы
- 142935_492491
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:31
0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымда «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
13 тармақтың 7) тармақшасындағы:
«мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы» сөздері алып тасталсын;
13-1 тармақтың 1) тармақшасындағы:
«мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы» сөздері алып тасталсын.
2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқық қатынастарына таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Б. Елеусинова
«__»____________ 2020 жыл