О внесении дополнения в решение Казалинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 150 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Казалинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 150 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 303
- Қабылданған күні
- 12.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2021 133418_522439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LD006848
- ЭКБ идентификаторы
- 133418
- Редакция идентификаторы
- 133418_522439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:11
0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацтағы «40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет» деген сөздерден кейін «және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 74 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;» деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесімен