О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 161 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 161 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки»
- Атауы (қаз.)
- «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 12.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2024 204537_734680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LH857211
- ЭКБ идентификаторы
- 204537
- Редакция идентификаторы
- 204537_734680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:56
0 «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау
аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы»
Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6132 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 – қосымшалары осы шешімнің 1, 2 – қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сырдария аудандық мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 154
шешіміне 1-қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 161 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
4 Сырдария аудандық мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 154 шешіміне 2-қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 161 шешіміне 2-қосымша
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақ нөмірі
Аймақ шекарасының сипаттамасы
Аймақ ауданы, гектар
I
Аймақ (002,003 кварталдары)
267,0
Тереңөзек кентінің орталығы. Батыс бөлігі «Майжарма» каналы, солтүстік бөлігі темір жол белдеуі, шығыс бөлігі А.Әлиакбаров және А.Тоқмағанбетов көшелері, оңтүстік бөлігі «Айтек» каналы, «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолы.
II
Аймақ (002, 003, 028 кварталдары)
551,0
Тереңөзек кентінің оңтүстік-шығысы. Оңтүстік бөлігі «Сырдария» өзені, «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолы, солтүстік бөлігі А. Иманов, А.Әлиакбаров пен А.Тоқмағанбетов көшелерінен темір жол белдеуіне дейін.
ІІІ
Аймақ (001 квартал)
219,0
Батыс бөлігі «Айтбай» каналы, солтүстік бөлігі темір жол белдеуі, шығыс бөлігі «Майжарма» каналы, оңтүстік бөлігі «Айтек» каналы.
IV-1
Аймақ 1 учаске (003 квартал)
374,6
Тереңөзек кентінің темір жол белдеуінің солтүстік бөлігі.
IV-2
Аймақ 2 учаске (028 квартал)
50,0
«Сырдария» өзенінің солтүстік-батысы. «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №957 қаулысына сәйкес орман қоры жерлерінің санатынан елді-мекен санатына ауыстырылған жер учаскесі.
IV-3
Аймақ 3 учаске (028 квартал)
29,0
«Сырдария» өзенінің солтүстік-шығысы. «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №957 қаулысына сәйкес орман қоры жерлерінің санатынан елді-мекен санатына ауыстырылған жер учаскесі.
IV-4
Аймақ 4 учаске (027 квартал)
502,0
Тереңөзек кентінің батысы. Солтүстік бөлігі темір жол белдеуі, оңтүстік бөлігі «Айтек» каналы, батыс бөлігі «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолы, шығыс бөлігі «Айтбай-арық» каналы.
V
Аймақ (027 квартал)
535,0
«Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының батыс бөлігі, «Ескі бостандық» каналы, солтүстік бөлігі темір жол белдеуі, оңтүстік бөлігі «Айтек» каналы.
Барлығы
2527,6