Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 163 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи»

Өзге акт · № 19 · қабылданған 28.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-163/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 163 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи» Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·28.04.2023
09.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 163 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 163 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
28.04.2023
Көрсетілген редакция
09.10.2024 181161_723886.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23LH840111
ЭКБ идентификаторы
181161
Редакция идентификаторы
181161_723886
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:26

0 «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»

Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6131 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінде:
1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сырдария ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжайы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
5 – 5 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5 – 5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы