О внесении изменения в постановление акимата Иргизского района от 22 декабря 2017 года № 172 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иргизском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Иргизского района от 22 декабря 2017 года № 172 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иргизском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 «Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 17.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 131121_403431.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CE006110
- ЭКБ идентификаторы
- 131121
- Редакция идентификаторы
- 131121_403431
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:19
0 Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 «Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 «Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5789 тіркелген, 2018 жылдың 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ырғыз ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 17 сәуір
№ 64 қаулысына қосымша
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 желтоқсан
№ 172 қаулысымен бекітілген
Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Көтермелеудің түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ырғыз ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Ырғыз аудандық ПБ* бастығы ұсынады.
4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ырғыз аудандық ПБ жүргiзіледі.
8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.
Ескертпе: қысқарған сөздердің толық жазылуы:
* ПБ – Полиция бөлімі
* ПД – Полиция департаменті