О внесении изменения в постановление акимата Федоровского района от 22 мая 2017 года № 185 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Федоровского района от 22 мая 2017 года № 185 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда»
- Атауы (қаз.)
- Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 07.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2018 123209_335656.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NT007922
- ЭКБ идентификаторы
- 123209
- Редакция идентификаторы
- 123209_335656
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:09
0 Федоров ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7113 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Әкімдіктің 2018 жылғы
7 маусымдағы № 158 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің 2017 жылғы
22 мамырдағы № 185 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері