О внесении изменений в постановление акимата Федоровского района от 22 мая 2017 года № 185 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Федоровского района от 22 мая 2017 года № 185 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда»
- Атауы (қаз.)
- Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 24.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2021 161007_547261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NT025496
- ЭКБ идентификаторы
- 161007
- Редакция идентификаторы
- 161007_547261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:41
0 Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7113 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Федоров ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
Әкімдіктің
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 281 қаулысына
қосымша
Әкiмдіктің
2017 жылғы «22» мамырдағы
№ 185 қаулысына
қосымша
Федоров ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері