Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе»

Қаулы · № 222 · қабылданған 05.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-235/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе» Қолданыста Қаулы ·№ 222 ·05.10.2020
05.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе»

Қолданыста Қаулы ·№ 222 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 «Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222
Қабылданған күні
05.10.2020
Көрсетілген редакция
05.10.2020 147179_484227.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CM007522
ЭКБ идентификаторы
147179
Редакция идентификаторы
147179_484227
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:29

0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 «Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 «Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Шалқар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шалқар ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 5 қазаны
№ 222 қаулысына қосымша
Шалқар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 235 қаулысымен бекітілген
Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шалқар ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Шалқар аудандық ПБ* бастығы енгізеді.

4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес шығарылған Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Шалқар аудандық ПБ жүргiзіледі.

8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Ескертпе: қысқарған сөздердің толық жазылуы:
* ПБ – Полиция бөлімі
* ПД – Полиция департаменті

Қолданыстағы