О внесении изменения в постановление Шалкарского районного акимата от 22 ноября 2017 года № 237 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Шалкарского районного акимата от 22 ноября 2017 года № 237 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 237 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 238
- Қабылданған күні
- 10.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2019 135320_423634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CM006412
- ЭКБ идентификаторы
- 135320
- Редакция идентификаторы
- 135320_423634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:15
0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 237 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 237 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен белгіленген тәртіп бойынша пайдаланылады.».