Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 378 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете»

Бұйрық · № 182 · қабылданған 03.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-378/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 378 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете» Қолданыста Бұйрық ·№ 182 ·03.04.2020
03.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 378 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете»

Қолданыста Бұйрық ·№ 182 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 378 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете»
Атауы (қаз.)
«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
182
Қабылданған күні
03.04.2020
Көрсетілген редакция
03.04.2020 141333_456789.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020316
ЭКБ идентификаторы
141333
Редакция идентификаторы
141333_456789
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:13

0

«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінің № 171 (28550) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабыныңғ 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялық және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 3 сәуірі
№ 182
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығымен
бекітілген
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласының тұрақты дамуын, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

2 2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
4. Процесс сипаттамасынан, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесінен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескерумен өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты түрінде келтірілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы осы қызметкерлер іс жүзінде жұмыс істейтін авиакомпания не оның филиалы (өкілдігі) тіркелген жер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әліпбилік тәртіпте жасалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу негізі мен қызметкерлер тізімін көрсете отырып, бірінші басшының не оның орнын басатын адамның қолы қойылған бланкіде өтінім-хат жібереді.
6. Өтінім-хатты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары келген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарайды және ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады, онда өтінім-хатта көрсетілген әрбір қызметкер бойынша атап-атап экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беруге кедергі келтіруі мүмкін мәліметтердің жоқтығы не барлығы туралы жазылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы келесі құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді қызмет берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды:

1 1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

2 2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

3 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

4 4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

5 5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;

6

6) Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының порталында «жеке кабинетке» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін сұраудың қабылдануы туралы мәртебе жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты олар алынған күні тіркейді, мәртебесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы хабарланады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталған соң, демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10 10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және ЭМК жасайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

1 1) авиакомпанияның ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2 2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту болып табылады.

12 12. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жалпы мерзімі ЭМК алу үшін хат-өтінімі тіркелген сәттен бастап жеті жұмыс күн.

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Азаматтарға арналған үкімет) жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
14. ЭМК Қазақстан Республикасының резиденттеріне 3 жыл мерзімге беріледі және басқа адамға берілмеуі тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына берген жағдайда ЭМК қолданыс мерзімі авиациялық персонал куәлігін тану мерзіміне сәйкес келеді.
15. ЭМК жоғалтқанда немесе бүлдіргенде ЭМК-ні беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ті уәкілетті ұйымға қайтарады.

3 3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17 17. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының атына берілуі мүмкін.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жолданған шағым шағым тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым Мемлекеттік корпорация басшысына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1.1 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына

1-қосымша
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс күн
4.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды/қа­ғаз тү­рін­де
5.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Эки­паж мү­ше­сі­нің ку­ә­лі­гі (бұ­дан әрі – ЭМК) не осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-ба­ға­нын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы бе­рі­л­ген.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – дүй­сін­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-дан 18.30-ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі ас­қа үзіл­іспен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс (сен­бі және жек­сен­бі) күн­де­рі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа күн­де­рі.
2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін қо­са ал­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-дан 20.00-ге дей­ін жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
3) пор­тал – тәу­лік бойы (қыз­мет алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ны­сан­да) көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не се­нім­хат бой­ын­ша оның уәкі­лет­ті өкі­лі) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) сы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша хат-өті­нім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
2) ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) ЭМК алушы­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (бар болған кез­де), ла­у­а­зы­мын көр­се­те оты­рып, же­ке қо­лы үл­гі­сі­нің, мөл­ше­рі 9x2 түр­лі-тү­сті (күң­гірт) фо­то­ның (jpg гра­фи­ка­лық фор­мат­та бас ки­ім­сіз және ны­сан­ды ки­ім­де) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
5) мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ұшу құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на, ұшу­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­тін ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам­ға);
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның ке­лі­су ха­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
7) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу), авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі­нің (ұшу құ­ра­мы­ның, ка­би­на эки­па­жы­ның адам­да­ры­на, ұшу­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­тін ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам­ға) ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­ды үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды.
Авиа­ция пер­со­на­лы­ның ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­рын ұсын­ған жағ­дай­да аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым­ның осы ку­ә­лік­тер­ді рас­та­удың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін қо­са бе­ру қа­жет.
Ұшу­да әуе ке­ме­сі­нің авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін пер­со­нал үшін ИКАО оқу ор­та­лы­ғын­да алын­ған авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы сер­ти­фи­кат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
1) авиа­ком­па­ни­я­ның ЭМК алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) ЭМК алу үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) За­ңы­ның 108-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­ның ЭМК алу үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­а­бы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту, со­ның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру­мен өзге та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гіне ие.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну­дың бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы: 1414, 8 800 080 7777 алу­ға бо­ла­ды.

1.2 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына

2-қосымша
1. ЭМК алуға негіздеме.
2. Әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі.
3. Мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

1 1) ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға жол берілмейді;

2 2) өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

3 3) ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру.

4. Авиакомпанияның бірінші басшысының не оның орнын басатын адамның қолы.
5. Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін _______________________
20 __ жылғы «___» _____________

1.3 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына

3-қосымша
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
ЭМК №
Жы­ны­сы
Ту­ған кү­ні, аза­мат­тығы
Же­ке ку­ә­лік­тің де­ректе­рі
Ат­қа­ры­ла­тын ла­у­а­зы­мы
Ұшу қыз­мет­тің ба­ста­луы
Авиа­пер­со­нал ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі
Тұр­ғы­лық­ты же­рі
Же­ке қо­лы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Қа­зақ ті­лі
Орыс тілі
Ағылшын тілі

Қолданыстағы