О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 22 августа 2017 года № 6С-14/6-17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ерейментауском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 22 августа 2017 года № 6С-14/6-17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ерейментауском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 «Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-17/7-17
- Қабылданған күні
- 06.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2017 116998_266140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BI006234
- ЭКБ идентификаторы
- 116998
- Редакция идентификаторы
- 116998_266140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:58
0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 «Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 «Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6093 болып тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2017 жылғы 7 қазанында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2017 жылғы 7 қазанында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) шығындарды өндіріп алу өтініш білдірген айдан бастап жеке оқыту жоспарына сәйкес оқу жылы барысында жүргізіледі;»;
1 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, басқа аймаққа тұрақты мекенжайға көшіп кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.».
2 2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
6 желтоқсан 2017 жыл