О внесении изменения в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-35-7
- Қабылданған күні
- 21.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2019 132888_411986.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007258
- ЭКБ идентификаторы
- 132888
- Редакция идентификаторы
- 132888_411986
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:25
0 «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:
31-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоқыс контейнерлерін, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.».