Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области»

Ереже · № 6С-41-8 · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-6-16-7-ekb-140679/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области» Қолданыста Ереже ·№ 6С-41-8 ·19.03.2020
19.03.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области»

Қолданыста Ереже ·№ 6С-41-8 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 22 ноября 2017 года № 6С-16-7 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6С-41-8
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
19.03.2020 140679_449986.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20B0007753
ЭКБ идентификаторы
140679
Редакция идентификаторы
140679_449986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:32

0 «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің

аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»
Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 6С-16-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:
3-тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;»;
3-тармақ келесі мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«6-1) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;»;
5-1-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.»;
31 және 32-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.
32. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы