О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С 15/6
- Қабылданған күні
- 22.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2023 117427_667277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BE006269
- ЭКБ идентификаторы
- 117427
- Редакция идентификаторы
- 117427_667277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:37
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
4 «4) Отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) табысына байланыссыз бір жолғы көмек:
табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) келген жағдайда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
22 желтоқсан 2017 жыл